«Батыс Петролеум» ЖШС-ның цистерна жуушы-булаушысы Арман Баубеков «Астана» арнасындағы «Кәсіби» жобасының көкейкесті жұмыс шеберлеріне арналған телебағдарламасына қатысты.
17 маусымда Арман қатысуға өтінім беріп, 21 қыркүйекте іріктеу кезеңінде өз өнерін көрсеткен алғашқы қатысушы болды. Ол қазылар алқасы мен телекөрермендерге теміржол цистерналарын жуу, булау процесін көрсетіп, өз мамандығының қыр-сырын жан-жақты айтып берді.
«Жұмыс менің өмірімнің үлкен бөлігін алады», - деді Арман. «Жұмыстан ләззат алудың жалғыз жолы - оны жақсы көру».
Іріктеу кезеңінде Арман қазылар алқасы мен телекөрермендерді вагон-цистерналарды тазалау процесімен таныстырды.
"Арман ауысымында сапасыз жұмыс ешқашан орындалмайды. Арманның ұжымындағы жігіттер өте ұйымшыл", - деп атап өтті оның әріптестері.
Бұл сөздер Арман Баубековтің кәсіпорындағы беделінің жоғары екендігінің дәлелі. Әріптестер оның жауапкершілігін, байсалдылығын және топта үйлесімді жұмыс жасай білу қабілетін бағалайды.
«Кәсіби» тележобасына өтінім мен таңдауға сілтемелер:
Қатысуға өтінім
Тележобаға қатысу үшін іріктеу
Қатысуға өтінім
Тележобаға қатысу үшін іріктеу